Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин 23 шілдедегі қаулыға өзгеріс енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы" қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі қаулысының төмендегідей өзгерістер енгізіледі:
- Супермаркеттер мен гипермаркеттер қызметіне штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;
- Парктер мен жаяу жүргіншілер демалыс аймақтарына (Арбат) қатысты тармақ алынып тасталады.