Бейтаныс жан сізге себепсіз гүл сыйласа қандай сезімде болар едіңіз? (фото)

Бейтаныс жан сізге өте сұлу екендігіңізді айтып, гүл сыйласа қандай сезімде болар едіңіз?! Мұндай тосын әрекет жұмыс барысындағы адамға қалай әсер етпек? Бұл сұрақтың жауабын алматылық фотограф Әділет Рахметолла Халықаралық әйелдер күні қарсаңында іздеп көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әділет Рахметолла

Шара барысында біз әртүрлі қызметтегі әйелдерді суретке түсіріп, кейін "сіз сондай әдемісіз. Мына гүл сізге" деп ілтипатымызды білдірді және ол кісілердің жүздеріндегі бақыт пен таңқырауды камера объективіне түсіріп үлгерді.

Әрине, фотоаппаратты көрген кезде қашқақтап, бас тартқан жандар аз болмады. Алайда, біз өзіміздің кәсібилігімізді іске қосып, қажетті кадрларды табуға тырыстық.

Фото авторы: Әділет Рахметолла

Кім де болса көше сыпыруға қуанып шықпасы анық қой. Мысалы, көше сыпырып жүрген тәтеміз әуелі қарсы болды.

Фото авторы: Әділет Рахметолла

"Біз түсіру керекпіз. Бізге сондай тапсырма түсті" деп алдап фотоға түсіріп алдық. Кейін "сіз сондай сұлусыз. Бақытты болыңыз" деп қолымыздағы гүлді ұсынған кезде қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап кетті.

Самса сататын аруға "сіз сұлусыз. Мына гүл сізге" деп сыйлаған кезде мүлдем сенбеді. "Қазір сьемкадан кейін алып кетесіздер ме? Шынымен де маған ба?" деп таңғалып біраз түсінбей тұрды.

Фото авторы: Әділет Рахметолла

Фотомоделдерімнің арасында "гүл алмағалы 5-6 жыл болып еді. Мынау бір бақыт болды ғой" деп қуанғандар да, "тоңып жүргенде жаныма жылу сыйладыңыздар" деген әпкелеріміз де, "өзіңнің ақшаңа сатып алдың ба? Қап, бекер шығындалдың ғой" деп қалтамызды аяған жандар да болды.

Фото авторы: Әділет Рахметолла

Ең бастысы, сыйлықтың бағасы емес, мейірімділіктің маңызды екенін сезіндік.

Фото авторы: Әділет Рахметолла

Өздеріңіз фотосуреттерге мұқият қарасаңыздар, жылы сөз әйелдерді ерекше әрлейтінін сөзсіз түсінесіздер. Сондықтан, айналаңыздағы нәзік жандыларға жиі ілтипат көрсетіп, махаббатқа толы жылы сөздеріңізді айтудан шаршамаңыздар.

Фото авторы: Әділет Рахметолла

 

Фото авторы: Әділет Рахметолла

 

Фото авторы: Әділет Рахметолла

 

Фото авторы: Әділет Рахметолла

 

Фото авторы: Әділет Рахметолла

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста