Көмекке зәру адамдарға көмек қолын созудың түрлі жолдары бар, солардың ішінде ең ұтқыр жолын «Бауыржан» қайырымдылық қоры ойлап тапты. Мұқтаж жандарға көмек қолын созуға шақыратын Алматыда алғаш рет «Алтын жүрек» сыйлығының алты жылдығына орай, «60 қайырымды іс» акциясы ұйымдастырылуда. Акцияны өткізуге Алматыдағы «Мега» ойын-сауық орталығы таңдалып алынды. 15-21 қыркүйек аралығында әрбір мега-тұтынушы еш уақытын жоғалтпастан қайырымды іс жасай алады. Бұл жөнінде «Мега» ойын-сауық кешенінде өткен атаулы акцияның ашылу салтанатында мәлім етілді.
Акцияны көмекке мұқтаж жандардың бірнешеуіне көмек қолын созып, осы әрекетімен қалталыларға жақсы үлгі көрсетіп отырған отандық продюсерлердің бірі, әнші Қыдырәлі Болманов ашты. «www.baurzhan.kz сайтында осы мұқтаж адамдар жайлы толық ақпарат алуға болады. Сонымен қатар сайтта еріктілердің көмегімен жиналған қаражат және жүрегінің жылуымен бөліскен азаматтар жайлы ақпарат жақын уақытта жарияланады. Және олардың әрқайсысына жасалған жұмыс жайлы ақпарат, фотолар жеке электрондық пошталарына жіберіледі», – дейді белгілі продюсер Қыдырәлі Болманов.
Жұлдыз ОМАРБЕКОВА, «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті:
– Бұл – қайырымдылыққа серпін беретін керемет акциялардың бірі. Бірде дос-жарандарымның бірі айтып еді, «қайырымдылық – бұл ортақ бақыт» деп. «60 қайырымды іс» акциясы барлығына да бақыт сыйлайды деп есептеймін. Мұқтаж адамдардың сұраған көмектері үлкен емес. Мысалға алсақ, көп жағдайда мүгедектер жаялық, зейнетақыға қарап отырған жалғызбасты қарттарымыз дәрі-дәрмектер сұрайды. «Мега» ОСО-на келген қонақтар қаражаттарын арнайы қорапқа тастай алады немесе қажетті затты сатып алу арқылы көмек көрсете алады. Ең бастысы, жұрт қаражаттың мұқтаж адамға жететіне сенімді. Себебі қор еріктілері әр мұқтаж адамға көмек көрсету сәтін суретке түсіріп алып, кейін қайырымды жанның электрондық поштасына жібереді. Сонымен қатар акция соңында қор сайтында барлық есеп беріледі.
«Бауыржан» қоры халықты қайырымдылық көмек көрсетуге шақырады
Последние статьи автора