Бауыржан Байбек Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқылады.

Ресей Қазақстанның тұрақты экономикалық серіктесі болып табылады. Алматы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы тұрақты өсуде, соңғы жылдағы көрсеткіш 22%-ға артқан. Алматы әкімдігі мен Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан мэриялары бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтасып, жұмыс істеуде.

Қалада ресейлік капиталмен 2 мыңнан астам кәсіпорын сауда, қаржы, медицина, өнеркәсіп және басқа салаларда жұмыс істейді. Қазіргі кезде Индустриалды аймақта кабель өткізгіш өнімдер шығаратын ресейлік «KMK Investment» зауыты салынуда.

Кездесу барысында Ресей Федерациясының Елшісі екі ел Президенттері мен екі ел халықтары арасында қашанда өзара сенім мен достық қатынастың қалыптасқандығын атап өтті.

«Бүгінгі күні ЕАЭС аясында біріккен ауқымды жобалар жүзеге асуда. Сонымен қатар екі жақты туризмді дамытуда, білім бағдарламаларының аясын кеңейтуде өзара үндестік кең қанат жаюда. Орта Азиядағы ең ірі қала ретінде Алматы түрлі халықаралық форумдарды, конференциялар мен фестивальдерді өткізуде, бұларға Ресей делегациясы белсенді қатысты. Жақын күндері ғана ОДКБ сыртқы істер министрлерінің саммиті, Еуразиялық медиа форум өтті. Осының барлығы мәдени және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Алексей Бородавкин. 

sn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста