Алматы әкімі Бауыржан Байбек Республика сарайында қазақстандық әйелдерді төл мерекесімен құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.
«Құрметті, Алматылықтар! Көктемнің алғашқы күндерін керемет мерекемен қарсы аламыз. Елбасы айтпақшы, әйел – шаңырақ ұйытқысы. Әйел – сұлулықтың, мейірім мен кемеңгерліктің символы іспеттес. Әрбір табысты ер-азаматтың артында әйел тұр. Сіздердің отбасы ұйытқысы бола тұра, кәсіпте де биіктен көрінулеріңіз тек таңданыс тудырады», - деді Байбек.
«Бір ер адам екіншісінен сұрапты. «Неге әйелдер мерекесі сегізінші наурыз күні» деп. Сонда екіншісі саспастан «Өйткені әйелдер әлемнің сегізінші кереметі» деп жауап берген екен». Мерекелеріңізбен, құрметті арулар, қыз-келіншектер мен әйелдер», - деп сөзін аяқтады Алматының әкімі.