Мамандар еліміздің батысы мен орталығында су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл өңірлерде он шақты өзен арнасынан асқалы тұр.
«Қазгидромет» РМК мәліметтерін негізге алған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының хабарлауынша, алдағы тәуліктерде республиканың батыс және орталық аймақтарындағы жекелеген өзендерде, атап айтқанда Жайық, Елек, Шаған, Быковка, Деркөл, Қосестек, Нұра, Шерубай-Нұра өзендерінде, су деңгейі көтеріліп, тасуы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде де тасқын қаупі күшті, оның үстіне алдағы тәуліктерде бұл аймақта жауын-шашын болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да тасқын қаупі сейілген жоқ. Ертістің Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы тұсында да сеңнің қозғалуынан су тасқыны болуы ықтимал. Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын сәуір айында батыстағы Жайық, Шаған, Деркөл, Быковка өзендері арнасынан асып, бірнеше елді мекен, жүздеген тұрғын үй су астында қалған еді.
Батыстағы өзендер тасығалы тұр
Последние статьи автора