Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің Қордай асуы арқылы өтетін бөлігі жабық.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті берген ақпар бойынша халықаралық тасжолдың 157-240 шақырымында, яғни Жаңа Қордай асуы қозғалыс жексенбі күні сағат 13:00-ден бастап тоқтатылған. Қазір онда қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал көліктер ескі Қордай асуымен жөнелтілуде. Авторы: Руслан Бақытбекұлы.