«Батыр арулар» байқауына қатысушыларының тізіміне жауынгерлік тәжірибесі бар әскери қызметші кірді

Қазақстан Қарулы Күштерінің қыз-келіншек әскери қызметшілері арасындағы «Батыр арулар» байқауы қыза түсуде. Бірегей байқау қатысушыларының қатарына жауынгерлік тәжірибесі бар қазақстандық армияның жаңа өкілі қосылды.

Келісімшарт қызметінің сержанты Айман Рыскелдина 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін жеті жыл көлемінде тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарды. Әскери қызметші радиотелеграфист болып жұмыс істеді, байланыспен қамтамасыз етуге жауап берді. Сол жерде бүгінгі таңда запастағы майор болып табылатын оның жары да қызмет етті.
2005 жылдан бастап Айман Рыскелдина Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызмет өткеруде. Бүгінде ол радиостанция командирі – станция бастығы болып табылады. «Әскери қызметші болу – менің сара жолым. Мен бұны бала кезімнен армандадым және Қарулы Күштерге саналы түрде бет бұрдым. Бәлкім, кейбіреулер әскерде нәзік жандыларға орын жоқ деп айтуы мүмкін. Алайда, бұл жаңсақ пікір. Мұнымен келіспеймін. Мен өзімнің әскери қызметтегі дара жолымды таптым», - дейді Айман.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Қарулы Күштерінде қыз-келіншек әскери қызметшілер арасындағы «Батыр арулар» екінші республикалық байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Ұйымдастыру комитетіне 200-ден аса өтінім келіп түсті. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің барлығына сауалнамаларын 25 наурызға дейін беріп үлгеру қажет. Одан кейін өтінімдерді қабылдау және байқаудың бірінші кезеңі аяқталады. Бірінші кезеңде халықтың дауыс беруі арқылы қазақстандық армияның он екі үздік өкілі анықталады. Дауыс беру 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен маусымның 15-і аралығында өтеді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста