Бас прокурора Әблязовке қатысты сұраққа жауап берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Франция тарапы Әблязовті Қазақстанға қайтара ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс кулуарында журналистер Бас прокуратура өкілінен Мұхтар Әблязовты Франциядан Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі туралы сұрады.

 

"Әблязов бойынша Франция Республикасымен арада шарт жоқ. Қазір өзара қарым-қатынас принциптері туралы француз шартын басшылыққа аламыз. Біз өз сауалымызды жібереміз, олар өзара қарым-қатынас принципі бойынша орындайды. Экстрадициялауға келетін болсақ, өзара келісімшартсыз сұрау жібереміз. Франция беріп-бермейтінін өздері шешеді", - деп түсіндірді бас прокурордың орынбасары.

 

Сонымен қатар, Шындалиев Франциямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартта экстрадициялау қарастырылмағанын атап өтті.

 

"Депутаттар талқылау барысында бұл туралы айтты. Бұл келісім бойынша экстрадициялау қамтылмайды. Ол құқықтық көмек көрсету, тергеу әрекеттерін жүргізу, жауап алу, тінту жағдайларына қолданылады. Яғни, бұл шарт адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қайтаруды көздемейді.

Бұл Әблязовқа қатысты деп айтпас едім. Бізде 29 елмен осындай шарттар жасалды. Олар - әртүрлі елдер, соның ішінде еуропалық елдер. Сондықтан мұны қандай да бір адам үшін әдейі істеп жатырмыз деуге болмайды", - деді Әсет Шындалиев.

 

Оның айтуынша, Франция прокуратурасы өзінің және қазақстандық материалдар бойынша қылмыстық іс қозғаған.

 

"Тергеу соты осы материалдар бойынша Әблязовты ұстау туралы шешім қабылдады. Әблязов пен оның адвокаттары тергеу сотының бұл шешімдеріне шағымданды. Сот ішінара өтінішті қанағаттандырды. Бірақ Франция прокуратурасы бұл шешімге шағымданды, ол қаралып жатыр", - деп қорытындылады бас прокурордың орынбасары.

 

Айта кетейік, Қазақстан мен Франция қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге келген. Екі ел бір-біріне мүлікті тінту немесе тәркілеу туралы өтініштер жібере алады. Сонымен қатар, бұған дейін Франция Мұхтар Әблязовқа саяси баспана беруден бас тартқан еді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста