Бас прокуратура: ұсталғандарды өлтіру, азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

Алматыда 24 адам қамауда заңсыз болған. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде прокуратура органдарына полиция қызметкерлеріне қатысты 91 шағым түсті. Әрқайсына жауап бердік. 19 өтініште заңбұзушылық расталмады. 56-сы әлі тексеріліп жатыр.

Расталған жағдалар да бар. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы прокуратурасы заңсыз ұсталған 24 қала тұрғынын босатты. Сондай-ақ, ұсталған адамдардың өлімі, азаптау және билікті асыра пайдалану деректері бойынша істер тергеліп жатыр. Республика бойынша барлығы осындай 16 қылмыстық іс қозғалды", - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, зорлық-зомбылық жасау және медициналық көмек көрсетпеу жағдайларын тәуелсіз тексеру үшін адам құқықтары жөніндегі уәкілге және құқық қорғау ұйымдарына ұсталғандар мен қамауға алынғандармен байланысуға рұқсат берілді. Бұдан басқа, Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесе отырып, заң бойынша уақтылы білікті көмек көрсету, сондай-ақ қорғаушылардың мекемелерге қол жеткізуі мәселесі шешілді.

 
Бас прокуратураның өкілі еліміздің барлық өңірінде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері тарапынан азаматтардың құқықтарын бұзуға жол берілген жағдайларға жедел ден қою жөніндегі мобильді топтар ұйымдастырылғанын еске салды. Осы мақсатта prokuror.gov.kz ведомстволық сайтында бас және облыстық прокуратуралардың кезекші прокурорларының телефондары қосымша жарияланған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтауда қазақстандықтардың stopterrorism.kz сайтына жіберген материалдары айтарлықтай көмектеседі. Қазіргі уақытта 1 500-ден аса материал келді, оларды тергеушілер зерттеп жатыр. Осы сайт арқылы Алматы қалалық әкімдігі ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар адамдарды анықтауға мүмкіндік туды.

Бас прокуратура көмек көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді. Еске салайық, сайт анонимді, алынған материалдар тек қылмыстық істерді тергеу кезінде пайдаланылады", - деп толықтырды Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста