Бас прокуратура ел азаматтарына үндеу жасады

Бас прокуратура қазақстандықтарға заңсыз митингілерге қатысты үндеу жолдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақырулар тарап жатыр.

 

Бас прокуратура мұндай акцияларды ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін заң жүзінде жауапқа тартылатыны туралы бірнеше рет ескертті.

 

"Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау - біздің басты басымдықтарымыз.

 

Сондықтан "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның нормаларын сақтау қажеттілігіне және оларды бұзуға жол бермеуге тағы да назар аударамыз", - едлінген хабарламада.

 

Бұқаралық жария іс-шаралар алдын ала хабардар етумен және осы үшін арнайы бөлінген орындарда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алумен халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергілерді болдырмайтын шараларды қабылдай отырып, жүргізілуге тиіс.

 

Көрсетілген нормалар сақталмаған жағдайда кез келген жария шақырулар заңсыз деп танылады. Құқық бұзушыларға қатысты құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдайтын болады.

 

Атап айтқанда, Заң талаптарын (3-баптың 3-тармағы) бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке қамаққа алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

 

Осы әрекеттердің нәтижесінде елеулі залал келтіргені үшін кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша айыппұл не 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түрінде қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болады.

 

Осыған байланысты, Бас прокуратура қолданыстағы заңнаманың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан, сондай-ақ, оларға жария түрде шақырудан бас тартуға шақырады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста