Баланың мерекесі әлемнің мерекесі...

«Балалар жылына» орай Анаға құрмет музейі «Анама құрмет» тақырыбында шығарма жазудан байқау жарияланған болатын. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгінгі мерекенің атауы яғни Балаларды қорғау күні дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды елімізде «Балалар жылы» деп жариялағанына байланысты Анаға құрмет музейі Қарасай ауданына қарасты барлық мектептің 5-6 сынып арасында «Анама құрмет» тақырыбында шығарма жазуға байқау жарияланған болатын. Балаларды қорғау күніне орай оқушыларды музейге шақырып байқаудың нәтижесін жариялады.
Қарасай ауданындағы төрт мектептің жиырмадан аса оқушысының шығармасын әділ-қазылар алқасы байқау ережесіне сай деп бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Байқауға қазылық жасаған филолог, Алтын алқа иегері, «Қазақ Аналары - Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша төрайымы Ләйле Дәулет пен қолөнер шебері Бегдайыр Қоңыр мен Анар Нарботаның шешімімен бас жүлдені «Жамбыл атындағы № 2 орта мектептің 5 «ж» сыныбының оқушысы Олжас Қуатбек иеленді. Бірінші орынды 6 «ә» сыныбының оқушысы Ықылас Мухитұлы, екінші орын 5 сыныптың оқушысы Әділхан Төлеубай, үшінші орынды О.Исаев ауылындағы орта мектептің 6 сыныбының оқушысы Адина Болат алды.
Ынталандыру сыйлығымен Б. Момышұлы атындағы орта мектептің 5 «а» сынып оқушылары Мереке Асанғали, Балнұр Бекполатова, Ұлжан Жидебай, Жанел Асқар, О.Исаев ауылындағы орта мектептің 6 «в» сыныбының оқушысы Хадиша Әлиқызы және «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебінің» 6 «в» сыныбының оқушысы Мейірім Ізбасар, 5 «ж» сыныбының оқушысы Айтолқын Есімхан марапатталды.

Анаға құрмет музейінің қызметкері Ж. Қалибекқызы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста