Балаларға арналған автокресло қандай болуы керек

TengrinewsTV балаларға арналған автокреслоны қалай дұрыс таңдап, орнату керектігін анықтады. Мамандар автокреслоны сатып алу кезінде асықпауға және бірінші кездесе кеткенін алмауға кеңес беріп отыр.

Олардың айтуынша, автокресло үлгісін таңдағанда балалардың әртүрлі салмақ категориясының ескерілуіне баса назар аудару қажет. Ал бағасы 16 мың теңгеден төмен болмауы тиіс. Себебі тек еуропалық автокреслолар орта дәрежелі жол-көлік оқиғасына есептеліп жасалған. Сонымен қатар 150 сантиметрден төмен бустерлер мен адаптерлерді сатып алуға болмайды, себебі олар балаға зиянды.

Мамандардың сөзіне қарағанда, қазір Алматыдағы автокресло сататын дүкендердің көбінің қоймасы бос тұр. Сатушылар автокреслоға деген сұраныстың өте жоғары екенін айтып отыр. Ал оған себеп 2015 жылдан бастап енгізілген 12 жасқа дейінгі балаларды автокресломен тасымалдау нормасы болды.

Еске сала кетейік, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті таксилерде балалардың автокреслоларының болуы міндетті екенін хабарлаған еді. "Бұл жерде бастысы коммерциялық мақсаттағы тасымалдарға жағдай жасау емес, негізгі мақсат - таксист болсын, жеке көлік құралы болсын, балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін сақтау. Олар қауіпсіздік белбеулерімен жабдықталған көлік құралдарын пайдалануы тиіс", - деді комитеттің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста