Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы Қызылжар елдімекені аумағынан ағып өтетін Бадам өзеніне сол маңдағы жылыжайлардан аққан лас судан балықтар өлуде деген хабарлама тараған. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды. 
Аталған хабарламаның негізінде оқиға орнына Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғи қорғау полициясының тобы, Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласының экология департаментінің мамандары барды.
Балықтардың Шымкент қаласы Қызылжар мөлтек ауданы Шардара көшесі бойын жағалап ағатын «Қарасу» арығында өліп жатқаны анықталды. Экология департаментінің мамандары су сынамасын алып, химиялық талдау жүргізу үшін зертханаға жолдады.