Бабалар сүйегінің сұрауы қайда?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Өткенге салауат, болашаққа ғибадат айтпай, бүгінмен ғана өмір сүру біздің салтымыздан болмаса керек-ті. Бірақ әзірге ғасырлар құндағында қалған қасиетті қазыналарымызға оң көзқарас танытқан сыңайымыз болғанымен, сынымыз келіспей тұр. Ата-бабамыз жүріп өткен жолдарды қаншалықты зерттеп-зерделей алдық? Біздің заманымыздан бұрынғы өркениетті тануға өреміз жетті ме? Басқа аймақтарды қайдам, аспанмен таласқан тауы мен сылдырай аққан бұлағы жоқ Атыраудың алыс-жақыннан бетке алған меймандарының алдында мейманасы тасып, мақтана көрсетердей қандай қасиетті орындары бар? Мәдени ескерткіштер еленіп-ескеріліп жатыр ма? Жауап беру қиынға соғатын бұл сауалдар мәдениетке маңыз берілмей келетінінен ғана хабардар қылады. Қара алтынды, былайғы ел бай санайтын аймақ рухани байлығын әлі күнге толық танып болған жоқ. Өкінішке қарай. Бұған Жайықты бойлай орналасқан жердегі тарихи құндылықтар мен көне шаһарлардың бүгінгі аянышты халі де дәлел бола алады.

Сарайшық жер бетінен жоғала ма?
Бұл сауалға «иә» деп жауап беру ауыр. «Жоқ» деп кесіп айту да тағы қиын. «Мүмкінмен» ғана мүдіріп қала­мыз. Өйткені «Енді бір бес жылдан кейін Сарайшық жер бетінен тып-типыл болып жоғалады», – дейді Атыраудағы Архео­ло­гия ғылыми-зерттеу орта­лы­ғы­ның аға қызметкері Марат Қасенов. Шашылған бас сүйектер мен үгітілген саз балшық­тар­дың алаңына айналған көне шаһар­дың орны – бүгінгі ұрпақтың тарихи құндылыққа деген көзқарасын айшықтап тұрғандай елес береді. «Аспан астындағы мұражай» деп әспет­те­геніміз де – сөз жүзін­де ғана. Рес­пуб­ликалық маңызы бар тарихи һәм мәдени ескерткіштердің тізіміне алын­ға­нымен, Сарайшықтың сынын бұз­бау­ға әрекеттенгеніміз шама­лы. Ал көш­пен­ді өркениеттің белгісіндей бо­лып бүгінге жеткен көне шаһарды Жайық­тың суы жалмап барады.
Сарайшық мәселесіне сырт қа­ра­май, үн қосып жүрген Әлкей Мар­ғұ­лан атындағы Археология инс­ти­ту­тының Астана бөлімшесінің директоры, про­фес­сор Зейнолла Самашев кезінде ескі қаланың орнын сақтап қалудың өзін­дік нұсқаларын да ұсынған бола­тын. Бірақ мәселенің бәрін қаржыға әкеп тіреп, жылы жауып қоя салдық. «Ұшқан құс­тың қанаты талатын қазақ даласында 52 мың­нан астам ескерткіш бар. Солар­дың тек екеуі ғана (Қожа Ахмет Ясауи кешені мен Таңбалы тас) халықаралық ЮНЕСКО-ның қорғауына енгізілген.
Бұл – өте өкінішті және ұят нәрсе», – дей­ді белгілі археолог. Сарайшықты әлем­дік мә­де­ниеттің бір бөлшегіне айналды­рып, ха­лық­аралық беделді қоғамның қор­ғауына іліктіру бүгінгі ұрпақтың парызы болуы керек.
Таскешу керуен сарайы – тарихтың тәбәрігі
Сарайшық пен көне Үргеніштің ара­сы­на сара жол салған Ұлы Жібек жолының бо­йындағы Таскешу керуен сарайы да күні кешеге дейін ескерусіз қалып келеді. Енді ғана атыраулық археологтер керуен сара­йының кереметін тануға жұмыла кірісіп жатыр. Бұл ортағасырлық ескерткіш Алтын Орда мемлекетіне тиесілі және бір ерек­шелігі тұтастай қыш кірпіштен тұрғызылған. Облыстық тарих және археология орталы­ғының басшысы Амандық Ғарифолладан білгеніміздей, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында өткен жылда­ры сарайдың жартысы аршылып алынып­ты. Мақат, Қызылқоға, Жылой аудандары­ның шекаралас қиылысында орналасқан Таске­шу керуен сарайы – Сарайшық қала­сынан шығатын Ноғай жолы бойындағы ал­ғашқы керуен сарай. Кезінде көпестер мен дәулетті саяхатшыларға қонақүй ре­тінде салынған бұл мекен Сағыз өзенінен өтетін өткелді қам­тамасыз етіп, керуен са­рай­дың хабар­шы­ла­рының атын ауысты­ратын пошта бе­кеті де болыпты. Әскери бөлімше де осын­да орналасқанға ұқсайды. Амандық Ғари­фолла, археологиялық қаз­ба жұмыстары кезінде солтүстік-батыс бұ­рыштан бүтін шең­бер құрайтын мұнара жә­не батыс жар­дың ортасынан жарты шең­бер тәрізді мұ­нара ашылғанын айтады. «Зерттеу жұмысы кезінде жерасты қойма мен көлемі үлкен жатын бөлме ашылды. Бөлмелердің ішінде төрт жатын бөлме жә­не бір ас бөлме бар. Жатын бөлменің әр­қай­сысына жылыту пеш­тері мен кереует қа­ланған. Кереует тас­тан қаланып, іші саз­бен толтырылды. Екі жаққа қарай кететін пеш түтіндіктерінің ор­та­сына тандыр орна­тылған. Пешті әртүрлі мақсатта пайдалан­ған. Бірінші, пеш биік болған, яғни жылы кереует ретінде пай­да­лан­ған (суфа), екін­ші, бұл пеш екі жақтағы бөлмені жылытып тұрады және тандырға нан пісіруге мүмкін­дік болған. Қазба жұ­мыс­тары кезінде кер­уен сарайдан шаруа­шылықтың әр түріне ар­налған керамикалық ыдыстардың көп­те­ген түрлері жинақталды. Оның ішінде сұр және қызыл қыштан жа­сал­ған үлкен көлемдегі хумдардың фраг­менттері, құ­мыр­алар, тәрелкелер, әртүрлі түспен сыр­ла­нып, безендірілген шыңыл­тыр­лы пиала т.б ыдыстар, сонымен бірге қыш­тан жасал­ған шырақ сынықтары, шы­ғыр­лар да бар. Ыдыстар алуан түрлі өрнек­терімен, соғыл­ған штамптарымен ерекше­ле­неді. Хорезм, Иран т.б елдерден алып ке­лін­гендері де аз емес. Бұл керуен-сарай­дың үлкен сауда орталығы болған қалалар­мен, көрші ел­дер­мен байланысы болған­ды­ғын дәлел­дейді. Қазба жұмыстары кезін­де бұл жер­ден жез бұйымдар, темір, мыс бұ­йымдар да анықталды. Табылған жәді­гер­лердің іш­інде мыс тиындар бар. Ти­ын­дар Алтын Орданың билеушілері Өзбек хан (1313-1341 жж.) және Жәнібек хан (1341-­1357 жж.) тұсында соғылған. Өз­бек хан тұсында со­ғылған бір тиынды мы­сал­ға алсақ, тиын­ның бір бетінде арқасына күн арқала­ған барыс бейнесі, екінші бетінде «Жоғар­ғы жарлықпен, Заң бәріне бірдей» деген сөз жазылған. Керуен сарайда үлкен сауда қатынасының, ақша айналысының жақ­сы дамығандығын дәлелдейтін тағы бір фак­тінің бірі осы болмақ. Деректерге сү­йен­сек, керуен-сарайдың батысында өтіп жа­тырған Сағыз өзеніндегі өткел күйдірілген қыш кірпіштен су астына төселініп салын­ған. Өткен дәуірдің соңында осы жерде мал айдаған халық өткелді көргендіктерін айтады. Бірақ бүгінгі күні бұл жердегі өт­келдің орны табылмай отыр», – дейді ол.
Ақтөбе-лаэтиге – лайықты көзқарас
Облыс орталығынан 10-ақ шақырым қашықтықта орналасқан тағы бір көне шаһар – Ақтөбе-Лаэти қалашығы деп ата­ла­ды. Бұл жерді алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдары мұнайшы-геолог Сапар Қа­ры­мсақов пен өлкетанушы ғалым Вячес­лав Афанасьевтер анықтап еді.
Ақтөбе-Лаэти тарихта «шеберлер қала­шығы» деген ұғыммен белгілі. Бұл жерде көптеген қолөнер шеберханалары жұмыс істеген. Ал жергілікті халық сауда керуен­деріне қызмет көрсеткен. Бүгінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы сүйек жүзіктер мен тарақтар, жез жүзіктер, білезіктер, ыдыстар, шыны тұмарлар, мон­шақтар ежелгі ақтөбеліктердің қолөнерге қаншалықты мән бергенін әйгілейді. Шебер­лер қаласын XIV ғасырдың аяғында Темірдің әскері қиратып кеткен. Бір кездері Каспий теңізі мен Жайық өзені деңгейінің көтерілуі салдарынан су астында қалған қалашық өткен ғасырдың 50-жылдары жер бетіне қай­та шыққан еді. Ескі қаланың орнын зерттеу жұмыстары 90-жылдары тоқтап қалды. Араға 20 жыл үзіліс салып барып атыраулық археологтер бұл мекен­ге назар аударды. Мемлекет қорғауына алынған қалашықтың тұтастай бір бөлігі телестансы салу кезінде қиратылған. Қой­науына ғасырлар ғаламатын бүгіп жатқан бұл жердің жанынан қазір «Жұлдыз» деген ықшамаудан бой көтерді, жергілікті халық жарыса үй салып жатыр.
Ақтөбе-Лаэтиге лайықты көңіл бөлу қа­жет­тілігі туындап отыр. Әзірге бұл орын­ға тек Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарих факульте­тінің студенттері ғана қазба жұмыстарын жүр­гізіп келеді. «Шыны керек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге құлшыны­сымыз зор болғанымен, қаражаттың же­тіс­пеуі қолымызды байлайды», – дейді уни­верситеттің тарих кафедрасының мең­геру­шісі Серік Қуаныш.

Р.S.
Мәдени мұраларға, елдік ескерткіштерге «Бұл жер мемлекет қамқорлығына алынған» деген жалқы сөйлемі бар темір белгі қойып қана қамқорлық көрсеткен­нің рөлін ойнауға болмайтынын түсінетін кез жеткен сынды. Облыс аумағында орналасқан тарихи нысандарға сараптама жасау кезінде мұражай қызметкерлері 605 көне ескерткіш, қорғандар мен қорымдар, сағанатамдар, қалашықтарды тексеріпті. Олардың көпшілігі жөндеуді, қалпына келтіруді қажет етуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста