Азық-түлік қауіпсіздігі, баға, нарық: ауыл шаруашылығы саласындағы бастама

Азық-түлік қауіпсіздігі, нарықтағы тауардың бағасы мен халықты өніммен қамту күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі деп айтсақ артық кетпейміз. Осыған орай Мемлекет басшысы мен үкіметтің тапсырмасы қалай орындалып жатқанына бір көз жүгіртіп өттік, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Егіс алқаптарының көлемі қалай өзгереді?

Өсімдік шаруашылығында 2023 жылға арналған басым міндет - ол көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу болып отыр. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді. Өңірлерде көктемгі дала жұмыстарын үйлестіретін жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша 2023 жылғы егіс алаңдарының болжамды құрылымы қалыптастырылып, осыған сәйкес жалпы егіс алаңы 23,2 миллион гектарды құрады.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 171,3 мың гектарға және қант қызылшасын 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отырғанын айтты.

«Сондай-ақ көкөніс және бақша дақылдарының 10,2 мың гектарға артуы болжанып отыр.Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, биыл өткен жылмен салыстырғанда мақта алаңының 13,8 мың гектарға азаюы болжанып отыр, осының нәтижесінде ол 112,5 мың гектарды құрайтын болады.Сонымен қатар Үкіметтің суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, күріш алаңдарының өткен жылмен салыстырғанда 9,9 мың гектарға ұлғаюы байқалады.Осыған байланысты Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл мәселені бақылауда ұстауы қажет», - дейді министр.
Биыл «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға өткен жылдағыдай 140 млрд теңге қарастырылды. 3200-ден астам тауар өндірушілерді қаржыландыруды және шамамен 2 млн. гектар алаңға тұқым себу және егін жинау жоспарланып отыр.

Министрдің айтуынша, азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғастырылады.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін, оларды арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері өткен жылдың деңгейінен кем емес көлемде (413 мың тонна) нарықтық бағадан 15% төмен бағамен беру шешіліп жатыр.Жалпы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жоспарлы режимде жүріп жатыр», - деді ол.
Мал шаруашылығын дамыту

Министрлік мал шаруашылығында негізгі міндеттердің бірі ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету болып отырғанын айтады.

«Ол үшін Азық өндірісін дамыту жөніндегі жол картасында көзделген барлық жоспарланған іс-шараларды орындау, оның ішінде өсірілетін көпжылдық және біржылдық шөптер мен сүрлем дақылдарының түрлерін кеңейту, сондай-ақ өнімділігі төмен азық дақылдарын неғұрлым өнімді және қоректік дақылдармен алмастыру шаралары қабылданады.Мал шаруашылығындағы тиімділікті арттыру үшін ауыл шаруашылығы жануарларының өсірілетін тұқымдарының генетикалық әлеуетінің деңгейін арттыру және селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жетілдіру қажет», - деді Қарашөкеев.
Осыған байланысты өткен жылы асыл тұқымды малды бағалаудың жаңа түрлерін, яғни геномдық және индекстік бағалау, молекулярлық генетикалық сараптама сияқты түрлерін енгізуді көздейтін асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізілген заң қабылданған еді.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілеттіктері заң жүзінде күшейтілді.

Атап айтқанда, оларға селекциялық және асылдандыру жұмыстарының ақпараттық базасын жүргізу функциялары берілді. Асылдандыру ісі саласында профилактикалық бақылау жүргізу ерекшеліктері регламенттелді.

Осы нормаларды іске асыру мақсатында қазіргі уақытта асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында тиісті 16 заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер әзірленді және келісу рәсімінен өтіп жатыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ветеринария жүйесін реформалау жалғастырылады. Атап айтқанда, Парламент депутаттары ветеринария мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін заңның тиісті жобасына бастамашылық жасады. Біздің міндетіміз ағымдағы жылы осы заң жобасының қабылдануын қамтамасыз ету және ветеринария саласындағы басталған реформаны аяқтау.Сонымен қатар ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне анық және  толық бақылау қамтамасыз етілетін болады. Ол үшін интернетсіз «офлайн» режимде жұмыс істейтін және ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою, есептен шығару, барлық жүргізілген манипуляцияның нақты геолокациясын көрсете отырып вакцинация, диагностика жөніндегі деректерді енгізу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін «VET-MOBILE» жаңа мобильді қосымшасы енгізілді. Бұл жүйеге жалған деректерді енгізуге жол бермейді», - деді Ербол Қарашөкеев.
Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық өнімін өткізудің жаңа нарықтарын ашу және экспортты дамыту үшін ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтер жеткізушілердің шетелдік тізілімдеріндегі қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін кеңейту үшін қажетті талаптарды келісу бойынша жоспарлы жұмыс арқылы импорттаушы елдер қоятын әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жағдайы

АШМ мәліметінше, 2023 жылы республика бойынша қуаттылығы жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 ет өңдеу жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ жалпы қуаттылығы жылына 25 мың тонна сүт өндіретін сүт зауыттарын жаңғырту бойынша 5 жоба жоспарланған.

Ал өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту үшін 5 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондай-ақ бес жылдық кезеңге арналған қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың іс-шараларын одан әрі іске асыру жоспарлануда.

Осы жобаларды іске асыру қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға және олар бойынша импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Министр атағандай, 2023 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін жеткізуге форвардтық қаржыландырудың жаңа тәсілдемелері 3 кезеңде енгізіледі.

«Бірінші кезең, күзгі және ерте пісетін көкөністерді форвардтық сатып алуды және  кейін осы алынған көкөністерді маусымаралық кезеңде нарыққа жеткізуді қамтиды. Бұл көкөністер бағасының ең жоғары өсуі қыстың аяғында және көктемде болуына байланысты.Егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін көкөніс өндірісі бір жыл бұрын қаржыландырылады. Яғни келесі жылдың ерте пісетін көкөніс өнімін алу үшін, қаржы жылының 1 тамызына дейін, ал келесі жылдың күзінде пісетін көкөніс өнімін алу үшін 1 қыркүйекке дейін қаржыландырылады», - деді ол.
Министрдің айтуынша, екінші кезеңде шикізат сатып алу үшін өңдеуші кәсіпорындарының айналым қаражатын қаржыландыру көзделеді.

Бүгінгі таңда Сауда және интеграция министрілігі, өңірлер мен қант зауыттары арасындағы меморандум аясында қант зауыттарының айналым қаражатын қаржыландыру жүзеге асырып жатыр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес министрлік Тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарды қабылдайтын болады.

«Тұқым материалының сапасын бақылау және оны сертификаттау жөніндегі бірыңғай мамандандырылған орган құру көзделуде. Еліміздің UPOV өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға қосылуы жоспарлануда, бұл отандық селекционерлердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді», - деді АШМ басшысы.
Азық-түлік инфляциясымен күрес

Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы азық-түлік инфляциясының деңгейі өткен жылы 25 пайыздан асқанын айтады.

«Бұл әлемдік азық-түлік нарықтарындағы жалпы геосаяси жағдайға, сондай-ақ энергия көздерінің, минералды тыңайтқыштар, логистикалық қызметтер бағасының өсуіне байланысты орын алғаны түсінікті.Сонымен қатар министрлікке азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту керек. Ол үшін келесі міндеттерді шешу қажет», - деді ол.
Жұманғарин атағандай, Мемлекет басшысының бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту және аграрлық ғылымды ынталандыру жөніндегі тапсырмасын сапалы орындау қажет.

«Өткен жыл бұл мәселенің аса маңызды екендігін көрсетті. Ол үшін министрлік Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі. Кешенді жоспардың негізгі бағыттарын бизнес және ғылым өкілдерімен әртүрлі алаңдарда жан-жақты талқылау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Жалпы ұсынылған тәсілдемелерді мақұлдаймын. Министрліктің ендігі міндеті – құжатты пысықтап, белгіленген тәртіпке сәйкестендіру. Және де оны іске асыруды шұғыл түрде бастау қажет», - деді ол.
Марья АЙДАРБАЕВА

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста