Азық-түлік ғана емес: Елімізде дәретхана қағазының құны да қымбаттап кетті
Азық-түлік бағасы көтерілгенде дәретхана қағазы да қымбаттап кеткен. Әсіресе гигиеналық тауар құны еліміздің үш өңірінде шарықтап тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
Дәретхана қағазы қымбаттаған аймақтың көшін Жамбыл облысы бастады. Мұнда 12 пайызға дейін өскен. Шығыс Қазақстанда оның құны 10, Атырау облысында 9 пайызға аспандапты.
Сөйтіп биыл дәретхана қағазы орта есеппен 6 пайызға қымбаттап отыр. Жергілікті компаниялар қағаздан жасалған майлық, жайма және дәретхана қағазына деген ішкі нарықтағы сұраныстың 68 пайзын ғана қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Есесіне импорт тауарлар 12 мың тоннаға дейін артыпты.
Жыл басынан бері елімізде 57 миллиард теңгеге жуық қағаз және қағаз өнімдері шығарылған.