Азия мен Еуропа арасында балама көлік дәлізіне айналатын теміржол желісі іске қосылмақ

Азия мен Еуропа арасында балама көлік дәлізіне айналатын теміржол желісі іске қосылмақ

Осы жылдың аяғында Баку-Тбилиси-Карс бағыттарында жаңа теміржол желісін іске қосу жоспарланып отыр.

Ол Әзербайжан, Грузия мен Түркияны ортақ теміржол жүйесіне біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы балама көлік дәлізіне айналады. Жаңа жолдың арқасында қазақстандық тауар өндірушілер өз өнімдерін Еуропа нарықтарына тез әрі арзан жеткізеді.

Жылдам әрі арзан. Баку-Тбилиси-Карс бағыттарындағы жаңа көлік дәлізінің басты артықшылықтары осы. 2007 жылы қол қойылған келісім бойынша, 105 шақырымдық теміржол тармағын салу жоспарланған болатын. Ол аймақтағы бар теміржол желілерін қосып, Бакуден Карсқа дейін тізбекті жалғайды. Бұл жобаның арқасында Оңтүстік Кавказ Түркия арқылы Еуропамен байланысады. Жаңа жол арқылы Каспий теңізі жағалауындағы елдер де экспорттық әлеуеттерін арттыра алады. Түркияның еуропалық бөлігіндегі теміржол Грузия және Әзербайжанмен бірге ортақ жүйеге қосылмақ. Ал Бакуден теңіз арқылы – Ақтауға, одан әрі Қытайға шығады. Бұл Азия мен Еуропа арасындағы ең қысқа теміржол бағдары болуы мүмкін. Мұнымен қоса Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау мерзімі 15 күнге дейін қысқармақ. Ал қазіргі кезде Қытайдан Еуропаға кемемен тауар жеткізуге 40 тәулік қажет.

Дмитрий Долаберидзе, ТМУ Кешенді зерттеулер орталығы басшысының орынбасары:

- Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арасында келісімге 2009 жылы қол қойылып, ол 2012 жылы күшіне енді. Сол себептен осы төрт ел арасында қазірдің өзінде тарифтер белгіленген.

Баку-Тбилиси-Карс бұл кең ауқымды жобаның тек бір бөлігі ғана. Ондағы басты мақсат – Ұлы Жібек жолын жаңғырту. Жаңа теміржол тармағы Каспий теңізін Иран немесе Ресей арқылы бұғып өтпеуге мүмкіндік береді. Яғни жүк Әзербайжаннан теңіз арқылы – Қазақстан мен Түрікменстанға, содан кейін Ауғанстан, Пәкістан мен Үндістанға дейін жеткізіледі.

Леван Метревели, ТМУ Кешенді дамытулар бойынша мәселелерді зерттеу орталығының басшысы:

- Тасымал жолдарын әртараптандыру жағынан қазақ елімен мүддеміз ортақ. Қазақ бизнесі мен кәсіпкерлері өте жауапты. Олардың керемет дайындығы бар және Грузияны қызықтыратын талай жобалары бар.

Өткен айда Ахалкалаи ауданында теміржолдың грузиялық бөлігінің тұсаукесері өтті. Жаңа жол арқылы жылына 17 млн тонна жүк тасымалдауға болады. Алғашқы кезеңде 1 млн жолаушы мен 7 млн тонна жүк тасымалдау көзделіп отыр.

Авторлары: Бекболат Тұрмаханов, Әзиза Мақұлбаева, Шалва Сурамелашвили

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста