Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдарына 95 жыл толып отыр.
Тарихқа жүгінсек, 1921 жылы 5 наурызда Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесі азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерін ұйымдастырды. Содан бері АХАТ бөлімдері әр адамның тууынан бастап, оның өміріндегі маңызды сәттері - некеге тұруы, балаларының дүниеге келуі, тіпті өмірінің ақырғы сәті де қайтыс болу туралы акт жазбасымен растайтын құқықтық сипатқа ие құжаттарды тіркеп, рәсімдейді.
Жылдар өтіп, сан алуан тағдыр өткенімен, адамдардың өмір деректері осы жерде сақталады. Міне, бұл АХАТ органдарының әр адам өмірінде қаншалықты маңызды орын алатынын көрсетеді. Алғаш ірге көтеріп, қаз тұра бастағаннан, Еліміздің тәуелсіздік туын көтерген бүгінгі күнімізге дейін өркениетті құқықтық мемлекетке жүктелетін міндетті АХАТ органдары абыроймен атқарып келеді. Сондықтан, АХАТ органдарының 95 жылдық тарихы - халық тарихының ажырамас бөлігі.
Осы жылдар аралығында АХАТ органдары жүйесінде үлкен өзгерістер болды. 1998 жылдың желтоқсан айында қоғамдағы отбасылық қатынастарды нақты реттейтін, халықаралық талаптарға сай ҚР «Неке және отбасы туралы» жаңа Заң қабылданды.
2012 жылдың 18 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы Кодексі Заңы күшіне енді. Бұл Кодекстың қабылдауы жаңа ақпараттық технологиялар заманымен танытылған.
1998 жылы АХАТ бөлімдері атқарушы органдар жүйесінен әділет басқармасының аумақтық органдарына берілді. Құрылымдық қайта құрылудың нәтижесінде ҚР Әділет министрінің 25.02.2004 ж. № 47 бұйрығына сәйкес қалалық АХАТ бөлімі негізінде - құрамында АХАТ бөлімі бар Көкшетау қалалық әділет басқармасы, аудандық АХАТ бөлімдері негізінде - АХАТ бөлімі бар әділет басқармалары құрылды.
Одан бері, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы жергілікті атқарушы органдарына берілді. Ақмола облысы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» Мемлекеттік мекемелердің құрамында енгізіліп, ал Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында жеке мемелекеттік мекемелер құрылған.
АХАЖ қызметі дегенде көпшіліктің көз алдына тек әдемі көріністер: той, шампан шарабы, гүлдер және Мендельсон маршы елестейді. Ал шын мәнісінде, жауапкершілігі жоғары, күнделікті қарбаласы көп жұмыстары осы әдемі көріністердің тасасында қалып жатады.
АХАТ функцияларының алдына қойылған негізгі мақсат - азаматтық хал актілерін тіркеуде заңдылықты сақтау, азаматтардың Конституция кепілдік берген құқығын сақтау және мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. АХАТ органдарында туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілері тіркелуге жатады. АХАТ органдары осы негізгі жұмыстарымен қатар, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізеді, және оларды қалпына келтіру және жою жұмыстарымен айналысады.
Азаматтық хал актілерін тіркеуде заңдылықтарды, азаматтардың конститутциялық құқықтарын сақтап, қорғау − АХАЖ органының міндеті. Осы міндеттерді әр жылдарда абыроймен атқарып келген облыстық АХАТ бөлімінің жұмысын басқарған Т.И.Цицоринаны, Д.С.Тенибекованы, Көкшетау қалалық АХАТ бөлімін және облыстық АХАТ бөлімін басқарған Ж.Е.Ташенованы, аудандық АХАТ бөлімдерінің басшылары М.М.Мукашеваны, А.С.Жанабаеваны (Егіндікөл ауданы), К.Б.Оспанованы (Аршалы), С.М.Саутованы (Қорғалжын), К.Т. Абдуахитованы (Есіл), М.М.Шаужанованы (Еңбекшілдер), Н.К.Мукашеваны (Бурабай), Х.К.Уйсимбаеваны (Сандықтау), Б.А.Искакованы (Атбасар), С.К.Жаңбырбаеваны (Жарқайың) еске алмай кетуге болмас.
Азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінің жұмыстарына зор үлес қосқан, ұзақ жыл еңбек етіп, қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыстағы ардагерлерімізге алғыс айтқымыз келеді, олар Л.П.Пшеничная, С.Н.Актанова, Л.Н.Екатериненко, М. Х.Шутая.
Қазіргі уақытта халық игілігіне еңбек етіп жүрген әріптестеріміз: «Көкшетау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің басшысы М.Ж.Кабдушева, бас мамандары А.Б. Рахимова, А.Б. Бекенова; «Бурабай аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің басшысы Г.А.Беляшова, бас маманы М.Колесникова, Ақкөл ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы А.Асылханқызы, Аршалы ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ жұмысын атқарушы Ж.С.Биятова, Атбасар ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы Г. Ж.Жангожина, Астрахан ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы К.В. Кузьменко, Бұланды ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы Р. Т.Токишева, Егіндікөл ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы Г.Т.Тайшибаеваны, Ерейментау ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» шартты түрде жұмыс істеуші Е.М. Даулетбекова, Есіл ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы Д. С. Сулейменова, Жақсы ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы А.К.Турсунханова, Жарқайың ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы М.М.Аширбекованы, Қорғалжын ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ жетекші маманы Н.Б.Махметова, Степногорск қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы Г.М.Айтеева, Целиноград ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы А.К.Бигалиев, Шортанды ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» АХАТ бас маманы И.И.Федосенколарды атап өтуге болады.
Аталған әріптестерімізді Мерекемен құттықтап зор денсаулық, отбастарында бақыт және атқарып жатқан қиындығы мен қызығы мол енбектеріне творчестволық табыс, абырой тілейміз.
Ақмола облысы
Әділет департаментінің баспасөз қызметі