Ауылға сапалы ауызсу жетті

Оңтүстік Қазақстан облы­сының Созақ ауданын­дағы Шу ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізді. «Қазатомөнер­кәсіп» ұлттық атом компаниясы құрамын­дағы уран өндіруші «Орталық өндіруші кәсіпо­рын» мен «Катко» серіктестігі «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауылға қазіргі заманғы су тазарту жүйесін салып, іске қосты.
Шу ауылында қазір 900-дей тұрғын бар. Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындары суды 20 шақырым қашықтықта орналасқан артезиан ұңғымасынан тасып ішкен бола­тын. Себебі ауылда ұңғыма бұрғыланып қазылғанымен, жер астынан шыққан су ішуге жарамсыз деп танылған еді. Енді, міне, сапалы ауызсуды су тазартудың кон­тей­нерлік жүйесі қамтамасыз ететін болды. Қазақстандық «Эргономика» ҒӨФ» ЖШС әзірлеген бұл жүйе елімізде сертифи­катталған және іс жүзінде сәтті пайдала­нылып келеді. Жүйе құрамы механикалық тазарту сүзбесі және мебранды блокты қолдану арқасында жоғары сапалы су алуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бір контейнер ішінде орнатылған жүйе тәулі­гіне 25 текше метрге дейін су шығара ала­ды. Қазіргі таңда мұндай жүйенің ауылда екеуі орнатылған. Егер біреуі істен шықса, екіншісі оның орнын алмастыратын бола­ды. Осылайша, ауыл халқы үздіксіз сапалы ауызсумен қамтамасыз етіліп отырады. Тіпті қажет болса, бұл жүйенің тәулігіне 50 текше метрге дейін су шығару мүмкіндігі бар екен.
Оңтүстік өңірдің кейбір ауылдары үшін сапалы ауызсу – әлі де болса қол жетпей отырған құндылықтардың бірі. Ұлттық атом компаниясы ауылдардағы ауызсу мәселесін шешуге басты әлеуметтік бағдар­ламалардың бірі ретінде  басымдық беріп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста