Ауруханада балаларға берілген тамақтан жәндік шықты
![Ауруханада балаларға берілген тамақтан жәндік шықты](/image/stub.png)
Әлеуметтік желі беттерінде облыстық балалар ауруханасында түсірілген видео тарады. Желі қолданушысының шағымында түскі асқа берілген тамақтың ішінде жәндік табылғаны айтылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"26 шағынауданда орналасқан балалар ауруханасындамын. Түскі асқа берген тамақта жәндік жүр. Балалар қалай тамақ ішеді?" - дейді тұрғын өз шағымында.
"Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК әкімшілігі мәліметінше, бұл тамаққа қатысты келіп түскен алғашқы шағым.
"Қазіргі уақытта аурухананы байқау негізінде жеңімпаз болып, шарт жасасқан Алимбетова Ж.К. тамақпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жәндік жалпы тағамнан емес, диеталық тамақтан анықталған. Шағымданушының арызы бойынша жауаптыларға ескерту жасалды. Қазір басшылық құрамы шақыртылып, қызметтік тексеріліс жүргізіліп жатыр. Егер емделушілердің шағымы бар болса науқастарды қолдау қызметі және ішкі аудит бойынша байланыс телефоны: 210-240 нөміріне хабарласу мүмкіндігі бар", - деді "Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК әкімшілігі өкілдері.
![Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре](/storage/news/news_8/content/77ba922a7153e69614c2696d03df2247.jpeg)
![Фанаты "Барыса" получили негативные известия](/storage/news/news_9/content/894e85af4a81fee5581284b173d8de7b.png)
![GTA VI впервые покажут уже в декабре](/storage/news/news_10/content/0f3617646441be5001798ee92b7f5304.jpg)
![Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке](/storage/news/news_11/content/6b8f066a857c9b077df125a9f335fd1a.jpg)
!["Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу](/storage/news/news_12/content/436157d8a12238a4b7bb912aebc1bb8e.jpg)
![Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу](/storage/news/news_13/content/bc8a6eae0f23d162f30b91a3d7c47f59.png)