Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері іс-қимылдарды пысықтады

97617 әскери бөлімінің қолбасшылығы Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полициясы жасағының қызметкерлерімен бірлесіп диверсияға қарсы қорғаныс бойынша практикалық көрсетілімді сабақтарды өткізді.


Оқу-жаттығуға Алматы гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері мен штаб бастықтары, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары қатысты. Өткізілген іс-шараның мақсаты жеке құрамның күзетілетін нысандарда қауіп-қатердің туындауын алдын алу мәселелерінде бірыңғай ұғыну және іс-қимыл алгоритмін пысықтау болып табылады.


«Біз төтенше жағдайлар туындаған кезде арнайы мақсаттағы бөлімшелермен өзара іс-әрекет ететін күштердің ұйымдастырылуы мен іс жүзінде орындалуын көрсеткіміз келді», - деп 97617 әскери бөлімі әскерлер қызметі бөлімінің бастығы подполковник Виктор Сидоренко атап өтті. Оқу-жаттығуды 97617 әскери бөлімінің командирі подполковник Бақытжан Дүйсебеков пен осы бөлімнің штаб бастығы майор Алтынбек Исақанов өткізді.


Оқу-жаттығу кезінде кіреберіс жолдарды, әскери нысандардың өлшемін немесе әскери бөлімді қаруланбаған адамдармен бұғаттау кезінде әскери бөлім командирлерінің, тәуліктік нарядтағы лауазымды адамдар мен әскери бөлім жеке құрамының практикалық іс-қимылдарын көрсеттік. Оқу-жаттығуға қызметтік иттермен бірге кинологиялық қызметтің қызметкерлері және жедел ден қою тобы тартылды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста