Қазақстан арқылы көшіп жатқан атмосфералық фронт облыстарымыздың басым бөлігінде найзағайлы, өткінші жауын шақырады.
Күндіз жекелеген аудандарда бұршақ, оңтүстік және оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр күтіледі. Алайда аптап ыстық сақталып, күндізгі ауаның температурасы 30-38ºС көтеріліп, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде 40-43ºС дейін жетеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.