Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Тек республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды bnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің кейбір өңірлерінде жел тұрады. Атырау, Қостанай, Қарағанды, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.