Қазақстанда 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері ауа температурасы климат нормасынан 2-6 градусқа жоғары болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Ардақ Қалменоваға сілтеме жасап.
"Қазақстанның барлық аумағында антициклонның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі. Батыста түнгі температура 10-15 градус, күндіз 5-10 градус, кей жерлерде 12 градус аяз болады. Солтүстікте түнде - 22-27, кей жерлерде 12-17, күндіз 8-13, кей жерлерде 20 градус аяз болады. Орталық өңірлерде түнде 25-30, кей жерлерде 15-20, күндіз 8-13, кей жерлерде 17-22 градус аяз болады. Шығыста жауын-шашынсыз болады, түнде температура 25-30 градусқа дейін, кей жерлерде 15-20 градусқа, күндіз 15-20, кей жерлерде 10 градусқа дейін төмендейді", - деді Қалменова.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстікте түнде 3-8, кей жерлерде 13-18 градус аяз болады, күндіз сынап бағанасы 0-5 градус жылыны, кей жерлерде 0-5 градус аязды көрсетеді. Оңтүстік-шығыста түнде 8-13, кей жерлерде 18-23 градус аяз болады, күндізгі ауа температурасы 0-5 градусқа дейін жоғарылайды.
Астанада бұл күндері жауын-шашынсыз болады, түнде температура 22-24, күндіз 9-11 градусқа дейін төмендейді. Алматыда да жауын-шашынсыз болады, түнде 9-11 градус аяз, күндізгі температура 0 градус шамасында болады.
"Қазгидромет" кәсіпорнының сайтында Атлантика мен Жерорта теңізінен келген жылы ауа массаларымен Қазақстан аумағында көптен күткен жылы күндер орнайтыны айтылған. "Республикада, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарынан басқа ауа температурасы ақпан айының алғашқы күндері климат нормасынан 2-6 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Мұнда бұрынғыдай Сібір антициклоны өз ықпалын сақтайды және температураның айтарлықтай көтерілуі болжанбайды", - делінген.