Алдағы тәуліктерде еліміздің төрт облысында күн суытып, дауыл тұрады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Жамбыл облыстарында ауа райының күрт өзгеретіні туралы ескерту жарияланды.
«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабарлауынша, 17-18 сәуірде Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 3 градус суыққа дейін күрт төмендейді. Сонымен қатар Алматы мен Жамбыл облыстарында күшті жаңбыр жауады деп болжануда. Аймақтың кей жерлерінде қатты жел тұрып, дауыл болады. Ауа температурасы түнде 0-5, арагідік 3 градусқа дейін суық болады. Алдағы күндері Қазақстанның басқа да бөліктері циклон ықпалында болады, соның салдарынан жауын-шашын жиілеп, жел күшейеді.
Ауа райы ала-құла болып тұр
Последние статьи автора