Атырау – Доссор тасжолында болған жол апатынан бір жасар бала зардап шекті, деп хабарлайды жазады ATPress.kz.
Облыстық полиция депарментінің мәліметінше, оқиға 26 мамыр күні кешке болған.
«Атырау – Доссор тасжолында ВАЗ 2114 көлігі мен Skoda Rapid көлігі соқтығысып, оқиға салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың ішінде көліктердің бірінде болған бір жасар бала да бар. «ВАЗ 2114» көлігінің 1999 жылғы жүргізушісі мен 2004 жылғы жолаушысы және Skoda Rapid көлігінде болған бір жасар бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.
Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.