Атыраулық тәртіп сақшылары тапсырыспен кісі өлтіріп, жезөкшелер мен жемқорларға жағдай жасайды! Полиция офицері Манарбек Өтеуов әріптестері мен бұрынғы басшыларына осындай айып тақты. Өзі өткен жылдың жазынан бері қамауда отыр екен. Өтеуов пен жедел уәкіл Асан Құрманбаевқа Өзбекстан азаматын өлтірді деген айып тағылған.
Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен бірнеше беттік мына хатта бұрынғы бөлім басшысы өзі өлтірген азаматтың туыстарынан кешірім сұрапты. Сотқа дейін тірі жүретініне күмәні бар Өтеуов Атыраудың ішкі істер саласындағы біраз былықтың бетін ашқан. Айтуынша, басқарма басшылары құрылыс базарындағы саудагерлерден ақша жинап, жезөкшелер де ай сайын салық алып отырған. Тіпті қарапайым тұрғындарға да қырғидай тиген көрінеді. Әлдекімнің шатырына түн ортасында мылтық лақтырып кетіп, таңертең жазықсыз адамды «заңсыз қару сақтадың» деп кісендеп әкеткен кездері де болыпты. Ал босату құны 500 мың мен 7 млн теңге арасында екен. Басшылардың бұйрығымен осындай 100 қылмыстық істі қолдан жасадым депті хатында Манарбек Өтеуов. Экс-әріптестерінің таққан осы айыбына қатысты Атырау облыстық Ішкі істер департаменті мәлімдеме жасауға құлықсыз. Тек белгілісі, хатта аты аталған лауазымды полицейлерге қатысты прокуратура тексеру жүргізіп жатыр екен.
Атырауда түрмеде отырған полицей бұрынғы басшыларының былығын әшкереледі
Последние статьи автора