Атырауда кандидаттар еңбек ұжымына «Халықпен бірге» бағдарламасын түсіндірді

Атырауда кандидаттар еңбек ұжымына «Халықпен бірге» бағдарламасын түсіндірді

 Жалпыхалықтық референдум кезінде қазақстандықтар қолдаған өзгерістер партия, сайлау, сот-құқықтық жүйелеріндегі түбегейлі жаңғыртуларға бастады. Осы мәселелер туралы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Светланд ойл» ЖШС ұжымымен өткен кездесуде атап өткен AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының бір топ мүшелері сайлауға қатысты жаңашылдықтарды кеңінен таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

 
Бірмандаттық жүйе, партиялық тізім бойынша сайлауға түсу тәртіптерін атап өткен депутаттыққа кандидаттар партияның «Халықпен бірге!» бағдарламасының негізгі тарауларына тоқталды.

Атырау облысы үшін маңызды саналатын экология тақырыбы, соның ішінде Жайық өзенінің су қорын молайту, аймақтағы өзге де су көздерінің түп тереңдету жұмыстары партияның алдағы 5 жыл ішінде атқаратын іс-шаралары қатарына енгізілген.

Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күрес, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы шаралар, білім, денсаулық саласына қатысты оңды өзгерістер де үміткерлер назарынан тыс қалмай, еңбек ұжымына кеңінен жария етілді.

«AMANAT партиясы сайлауға үлкен сеніммен, ел болашағы үшін жауапкершілікпен барады. Бізде аймақтың проблемаларына нақты көзқарас, мұқият ойластырылған іс-қимыл жоспары және облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға деген ұмтылыс бар» деген партия атынан сайлауға қатысатын кандидаттар еңбек ұжымының ұсыныс, сауалдарын да қаперге алды.

Атырау облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста