Атырауда 29 жастағы азаматтан 5 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
Атыраулық полицейлер 29 жастағы азаматтан 5 млн теңгенің есірткісін тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылы туған азаматты ұстады.
«Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл бес миллион теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаларға тең келеді. Ұсталған азаматтың айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген», – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Облыс аумағында есірткі құралдарының түсу арналарын анықтауға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.