Атырау облысында жеңіл көлік еріген қар суына батып кетті

Атырау облысында жеңіл көлік еріген қар суына батып кетті

Атырау облысында жеңіл көлік еріген қар суы басқан жолдан түсіп кеткен. Көліктегі жолаушылар зардап шекпеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желіде "Миялы-Сағыз" аралығындағы жолды су басқаны туралы видео тарады.

Видео авторының айтуынша, жеңіл көлік жолдан түсіп кеткен.

Оқиға "Миялы-Сағыз" бағытындағы жолдың 35-шақырымындағы Соркөл ауылының маңында болған.

Атырау облысы әкімі мен облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметтері бұл деректі растады.

"Бүгін, 7 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 06:30 шамасында Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылынан шыққан такси жүргізушісі көлігімен Соркөл ауылының тұсында жолдан шығып, жиектегі суға түсіп кеткен. Оған көлікті қатты жылдамдықпен жүргізіп, басқару жүйесін игере алмағаны себеп болған. Көліктегі жолаушылар зардап шекпеген. Жолаушылар Соркөл, Сағыз ауылдарына жеткізілді", -деп мәлім етті облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған жолда көлік қозғалысы шектелмеген. Еріген қардың суынан жолға төніп тұрған қауіп жоқ.

"Қызылқоға ауданындағы "Миялы-Сағызы" тас жолының 35-шақырымында қардың еруінен ағын су пайда болып, тас жолды басқан. Осыған байланысты аталған жолмен жүретін көлік жүргізушілерінен сақтық шараларына аса мұқият болуды ескертеміз", -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы 36 елді мекенді су басуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста