27 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
 Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.
Айта кету керек, Атырау облысы 26 ақпанда «жасыл» аймаққа кірген еді.