Аттас және құрдас адамдар туралы мәлімет алуға болады

Аттас және құрдас адамдар туралы мәлімет алуға болады

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өзінің ресми сайтында азаматтардың жеке бас мәліметтеріне қатысты қызықты деректер алуды ұсынады. "Бұл қызықты" деген бөлімнің "Мен сияқты неше адам бар?" тарауындағы тиісті жолақтарды толтырған кезде Қазақстанда өзіңізбен аттас қанша адамның бар екенін білуге болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Сол сияқты бұл жерден Қазақстанда өзіңіздің қанша құрдасыңыздың бар екені және олардың жынысы мен ұлты туралы мәліметті де көруге болады. Статистика сайты құрдастар мен аттастар туралы мәліметтерді аймақтар бойынша, тіпті, аудандар бойынша да тауып береді.

Тengrinews.kz тілшісі өзімен аттас әрі құрдас адамдар туралы мәліметтерді қарап шықты. Тілшінің туған өңірі - Ақтөбе облысында онымен құрдас Болатбек есімді 27 адам бар болып шықты, қазіргі мекенжайы - Алматы қаласы бойынша 8 адам, оның ішінде қаланың өзі тұратын ауданында екі аттас құрдасы анықталды. Қазақстан бойынша мұндай есімді 9162 адамның иеленгені белгілі болды. Тілшінің аттас әрі құрдастарының қатары (32 жас) республика бойынша - 235 адам.

Еске сала кетейік, жуырда Статистика комитеті 2014 жылы сәбилерге көп қойылған есімдерді жария еткен болатын. Өткен жылы Әлихан және Айзере ең танымал есімдер атанды. Әлихан есімі 2798 ұлға, Айзере есімі 6276 қыз балаға қойылған. Айзере соңғы екі жыл ішінде ең танымал есім атанып отыр. Ал Әлихан алдыңғы жылдары көшбасшы болған Ерасыл есімін ығыстырды.

Тengrinews.kz тілшісі 2014 жылдың екі танымал есіміне қатысты цифрларды тексерді. Қазақстан бойынша барлығы 21 659 Әлихан бар болып шықты. Оның ішінде есімі орысша "Алихан" деп емес, ә әрпінен басталып жазылған 6347 адам бар. Кейде түрлі себеппен ер адам есімінің қыз балаға немесе керісінше қойылып жататын кезі болады. Бірақ, анықтау нәтижесінде көз жеткендей, елімізде Әлихан есімі тек қана ер азаматтарға қойылыпты.

Айзере есімін республика бойынша 16 538 адам иеленген. Ұлты "қазақ" деп көрсетілген Айзерелердің қатары 1173 адам деген мәлімет бар. Бұл есім ұл балаларға қойылмаған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста