Істі қарау үшін тараптардың өз дәлелдерін сотқа беру мерзімдері аяқталды дейді экс-әкімнің заңды өкілі Алматыда өткен сот алды отырысын өз тарапынан қорытындылай отырып. Заңгер мұны әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді.
Бауыржан Байбектің заңды өкілі Айжан Ташенова кеше Алматыда сот алды отырысы өткенін хабарлай отырып, Жанболат Мамай мен Инга Иманбаева талап-арызға қатысты өз қарсылық пікірлерін ұсынғанына тоқталып өтіпті.
«Еңбек өтілі мол кәсіби заңгер ретінде Ж.Мамай мен И.Иманбаевада Б. Байбекке қарата жария түрде айтқан бірде-бір айыптауларына ешқандай құжаттық дәлел жоқ екенін бар жауапкершілікпен айта аламын.
Егжей-тегжейлі талдау жауапкерлер ұсынған құжаттар Ж. Мамай жария түрде мәлімдегендей құжаттарды емес, тек шашыраңқы, анық емес және сылдыр түсініктемелер жиынтығын қамтитынын көрсетті.Интернет-сілтемелерден, мақала тақырыптарынан, фамилиялардан және БАҚ-тан алынған цитаталардан тұратын тұтас быламық. Пікірде көрсетілген көптеген ақпарат көздерінің сот ісіне мүлдем қатысы жоқ. Көптеген болжамдар мен алып-қашпа әңгімелер, фактілерді бұрмалау мен өз еркіне сай түсіндіруден тұрады. Бір сөзбен айтқанда, бұлардың барлығын макулатура дегеннен бөлек басқаша атай алмаймын» - дейді адвокат Ташенова.
Сондай-ақ заңгер екінші тараптың қарсылық пікірінде «Uzun Qulaq» анонимді телеграмм арнасы, «Бәсе»ютуб-арнасы және жекелеген адамдардың аккаунттарына сілтемелер бар екенін атап өткен.
«Ең қызығы, Ж.Мамайдың ресми видеода дабыралатып ұсынған дәлелдемелер мен құжаттар томдарының іс жүзінде 90%-і талап-арызда да, жауапкерлердің даулы роликтерінде де айтылмаған ҚазҰУ-дың жер учаскесі туралы дау-дамайға арналған. Қалған 10%-і – сараптамашылардың «Көк Жайлау» жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі, ал бұлар іс жүзінде сол күйі атқарылмаған» - деп жазған адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, кеше судья соттың келесі отырысын 14 маусымға сағат 9.30-ға белгіледі.