Атап ыстық пен шаңды дауыл - 25 мамырда ел аймақтарында қолайсыз ауа-райы болады
"Қазгидромет" РМК 25 мамырға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің барлық аумағында дерлік жоғары қысым жағдайында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстік-батысында циклонның әсерінен кей жерлерде аздап жаңбыр жауып, найзағай болады, бұрқасын болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - шаңды дауыл болады.
Дауылды ескерту
Дүйсенбі күні Қызылорда облысында шаңды дауыл сақталады. 25 мамырда түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде шығыс жел соғады - 25 м/с дейін.
Ақтөбе облысында 25 мамырда найзағай болып, дауыл, күшті жел соғады - 18 м/с дейін.
25-26 мамыр күндері Павлодар облысында Цельсий бойынша 35-38 градус ыстық болады деп күтіледі.
Маңғыстау облысында дүйсенбі күні шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысында да жел соғады деп болжанып отыр.
Аймақтардағы ауа-райы
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, желдің күшеюі 15-20 м/с, Жамбыл, Түркістан облыстарында екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Қостанай облыстарында ыстық болады деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында - төтенше өрт қаупі бар.
Мегаполистердегі ауа-райы
Нұр-Сұлтанда қатты ыстыққа байланыстыескерту жарияланды. Түнде 17-19 градус, күндіз 33-38 градус болады деп болжанады.
Алматыда түнде плюс 16-18 градус, күндіз 30-32 градус ыстықтық күтіледі.
Шымкентте түнде 19-21 градус жылы болады, күндіз 35-37 градус ыстық болады.