Ата Заң - мемлекет қорғаны  

Ата заң - еліміздегі барлық заңдардың, кодекстердің, нормативтік актілердің негізі. Қолданыстағы ешбір заң еліміздің бас құжатының шеңберінен шықпауы, Конституция талабына қайшы келмеуі керек. Сондықтан қай заңнама қабылдар кезде де оның Ата заңымызға сәйкестігі, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғаудағы пәрменділігі басты назарға алынады. Биыл мемлекет дамуына жол ашқан, ел көшінің ілгерілеуіне пәрмен ықпалын тигізген, әр азаматтың өзін қауіпсіз, сенімді ұстауына қорған болған Ата заңымыздың қабылданғанына 26 жыл толып отыр.

26 жыл жас мемлекеттің еңсесін тіктеп, бары мен жоғын түгендеуге, алдағы бағдарын белгілеуге жеткілікті уақыт. Осы уақыт аралығында Қазақстан өсті, өркендеді, әлем мемлекеттерінің ішінде өзінің орнын бекітті. Конституцияға арқа сүйей отырып алға басқан мемлекетті бүгінде білмейтін елдер кемде-кем. Осы жылдар аралығында еліміздің білімді жастары қаншама олимпиадаларға қатысып, Қазақстанның мықты мемлекет екенін дәлелдеп келеді. Спортшыларымыз әлемдік додаларда бақ сынап, кім-кімге де лайықты қарсылас екенін әлдеқашан ұқтырған. Чемпиондар Қазақстанның көк байрағын көкке көтеріп, әнұранымызды талай рет әлем халқына тыңдатқанын бүгінде мақсатыншпен айтамыз. Осының бәрі біздің еліміздегі теңдіктің, бірліктің арқасы.

Конституцияда мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және оның бостандығы деп көрсетіліп, сонымен бірге азаматтардың дініне, тіліне, жынысына, ұлтына қарап кемсітуге жол берілмейтіні нақтыланған. Әрі тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының тегін оқуға, тегін медициналық көмек алуға, өз қалауымен мамандық таңдап, жұмыс істеуіне, кәсіп бастауына, өз құқығын қорғауына барлық мүмкіндік жасалған. Жас өрендерімізді осы мемлекет беріп отырған мүмкіндікті пайдаланып, өз қабілеттерін дамытып, Қазақстанның атынан әлемдік сайыстарға қатысып жүргені көңіл қуантады. Арманымызды орындаған Ата заң тәуелсіздігімізде бұдан да нығайтып, беделімізді биіктетуге қызмет ете берсін!

 

К.Саурова,

Алматы қаласы

Алмалы аудандық сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста