Астананың аумағы кеңейетін болды

Елорда аумағы алдағы он жылда отыз есеге дейін үлкейеді. Ал агломерациялық аумақтағы халықтың саны екі миллионға жуықтайды. Қарапайым тілмен айтсақ, Сарыарқаның төрінде жалғыз-дара тұрған Астана серіктес қалалармен тынысын кеңейтпек. Яғни жақын маңдағы кешегі ауыл, ертең қалаға айналады. Бірақ ауыл қала болғанымен, ауылдықтар астаналық бола алмайды.

Астананың агломерациясы жобасының кеңдігін мына сандардан-ақ аңғаруға болады. Соңғы мәліметтерге сенсек, қала аумағы 72. 200 гектарды алып жатыр. Ал оның айналасындағы Целиноград, Аршалы, Шортанды және Ақкөл аудандары бас қаламен біріккенде Астана 2 млн 200 мың гектарға дейін жайылады. Айлап аралауға болатын даланың бір шетінен бастайық.

-Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында ұтымды орналасқан Аршалы ауданының орталығы Аршалы кентінен астаналық шенеуніктер индустриалды қалашық жасамақшы. Яғни елордадағы барлық зауыттар осы жерге көшіріледі. Нәтижесінде жергілікті 40 мың халық жұмыс іздеп алпыс шақырымды атқа тастап Астанаға келмейді.

Аршалылықтардың қырық мыңы Астанаға келмесе де, он мыңы күнде келіп-кетіп күн көріп жүр. Бұл жергілікті әкімдіктің ұсынған мәліметтері. Аршалы ауданы аудан статусын тарсынғалы қашан. Жақсы өмір іздеп елорданы айналшықтайтын халық әкімдіктің де бас ауруына айналған.

Асылбек Баяжұма, Аршалы ауданы әкімінің орынбасары:

- Нақты статистикалық мәлімет бойынша 27 мың халық бар. Алайда тіркелмеген халық санымен қосқанда 40 мыңға жеттік. Тек қана Астанаға іргелес орналасқан Жібек жолы ауылының өзінде 17 мың халық. Негізі статистика бойынша 7 мың халық бар деп есептеледі. Себебі көбі Астанаға іргелес болғандықтан үй салған, және қызметтері Астанада. Бір жағынан бұл ауданымыздың халқын көбейтіп отырғанымен, екіншіден экономикалық, әлеуметтік қиындықтар туғызуда.

Қиындығы сол, аудан облыстық бюджеттен 27 мың халыққа ақша алып, қырық мыңның қамын жасауға тырысып жүр. Аудан орталығында ірі екі кәсіпорын бар. Бірі қиыршық тас өндірсе, енді бірі бетон шпал шығарады. Ал жақын болашақта бұл жаққа Астананың барлық зауыттары көшіріледі.

Әлібек Әбдірайымов, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС басшысының орынбасары:

–Үш индустриалды аумақ бекітілді. Олар Аршалы, Бозайғыр және Жайнақ. Бұл елді мекендерде машина жасау, ауыл шаруашылығы техникасын шығару, құрылысқа қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорындар ашуды ұсынамыз. Жаңа жұмыс орындары аталған елдік мекен халқының Астанаға миграциясын тоқтатады.

Жалпы жоба сонау 2014-те басталып, 2017-ге дейін жоспарланыпты. 2018 сөзден іске кірісетін меже. Ал миллион гектар ен даланы жандандыру үшін Ақмола облысының әкімдігі 2019 жылға дейін мынандай жұмыстар атқаруы тиіс.

Владимир Фелбелт, Ақмола облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

–Кейбір жерлерде жолдың сапасы нашар, бір жерде тіпті жарық жоқ. Су болса, суды үйге дейін жеткізу керек деген сияқты. Бұл жұмыстардың барлығы біздің мойнымызда. Ең бастысы Астанаға қатысты кешенді жоспар бар, тек жұмыс істеу керек.

Индустриалды аймақтан бөлек Астана айналасында ғылыми және туристік аймақтар бой көтеруі тиіс. Мәселен елорданы қоршаған жасыл белдеу Қарқаралы, Қорғалжын қорықтарымен, Ақкөл орманымен бірігеді. Бір сөзбен бас қала орталықпен біртұтас ағза болады. Бірақ ауылдықтардың өздері бақыттарынан бейхабар боп шықты.Қала болғалы тұрған ауданның зейнеткерлері тегін жолақыны, ал әкімдік қызметкерлері қалалық жалақыны армандайды. Шенеуніктер жүрісінен жаңылмай, үлкен жоба, тартыс-додаға айналмай, сәтін-салса аталған ауылдар қала болатын күн алыс емес. 

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста