WhatsApp мессенджерінде елорданы Түркістанға көшіру туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбада бұл идеяны президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынғаны, ал парламент депутаттары оны бірауыздан қолдағаны, ал бас қаланы ауыстыру туралы ресми түрде 2024 жылдың қаңтарында жарияланатыны айтылған.
Мұның бәрі фейк. ҚР Президентінің ресми сайтында елорданы Түркістанға көшіру туралы ақпарат жоқ.
Сондай-ақ, Парламенттің сайтына астананы көшіру туралы "тарихи шешім", "қызу талқылау" және "бірауыздан қолдау" туралы хабарламалар жоқ.
Еліміздің бас қаласын Астанадан Түркістанға көшіру туралы қауесет бұған дейін тараған болатын. Алайда, 2020 жылы экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев олардың мүлдем негізсіз екенін және мұндай шешім қабылданбағанын айтқан болатын.