Астанадағы дағдарыс орталығын зорлық-зомбылық көрген қанша адам паналап отыр

Елордалық «Үміт» дағдарыс орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Шынар Кәкімова зорлық-зомбылық құрбандарына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – әйелдер мен балалар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі әрбір үшінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

«Осыған байланысты «Үміт» дағдарыс орталығы қала әкімдігінің қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Орталық үй ішінде қатыгездікке ұшыраған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құрылған. Оған 18 жастан 58 жасқа дейінгі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, өз бастамасы бойынша да, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша да жіберілгендер және олардың кәмелетке толмаған балалары қабылданады», - деді Шынар Кәкімова Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында.

Қызмет алушылар дағдарыс орталығына келген күннен бастап 72 сағат ішінде медициналық тексеруден, санитарлық өңдеуден өтеді. Қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жанындағы комиссияның шешімімен орталықта болу мерзімі 1 айдан 6 айға дейін белгіленеді», - деп толықтырды спикер.

Қазіргі уақытта «Үміт» дағдарыс орталығында 49 адам қызмет алуда, олардың 13-і әйел болса, 36-сы балалар. Орталық ашылған күннен бастап 2167 қызмет алушы қабылданды, оның ішінде 712 әйел, 1455 бала бар.

Орталықта ойын бөлмесі, оқу бөлмесі, кір жуатын орын, еңбек терапиясы бөлмесі, балалар ойын алаңы бар.

Сондай-ақ қызмет алушылармен психологтар (балалар және үлкендер), заңгерлер, медбике, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста