Астанада зергерлік өнер көрмесі ашылды

Елордада Тәуелсіздік күні мере­кесіне орай «Зерде» атты зергерлік өнер көрмесі ашылды. Көрмеге зергерлік өнердің қас шеберлері қолынан шыққан бұйым­дар қойылған. Олардың ішінде алтын жалатылып, түрлі бағал­ы тастармен әшекейленген қару-­жарақ, қылыш, қанжар, айбал­та, сондай-ақ асатаяқтар бар. Со­ны­мен қатар алтын домбыра, күміс ер-тұрман және әйелдердің асыл бұйымдарын да көруге болады.
Желтоқсанның 14-і күні Астана қала­сын­да Назарбаев орталығының күміс за­лында ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай­ластырылған зергерлік өнер көрме­сінің ашылу салтанаты өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы­ның залдарында өткен көрме зергерлік өнердің қас шеберлері: Берік Әлібай, Естай Даубаев, Надырбек Жээренчиев пен Үсен Сейдалиев сынды Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің өткені мен бүгінгісін тұтастырып, өрнектердің құпия сыры мен металдың пластикасын паш еткен. «Зергерлік өнер көрмесінде ұсынылған зергерлік бұйымдар бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған», –  дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, «Зергер» зергерлік өнер көрмесі 2013 жыл­дың 15 қаңтарына дейін жұмыс істей­ді. Көрмені ұйымдастырған: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алтын және бағалы металдар мұражайы және Назарбаев орталығы.
Рауан ЕСҚАЛИ, ҚР мәдениет және ақпарат министрінің баспасөз хатшысы:
– Көрменің ашылу салтанатында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дар­хан Мыңбай: «2017 жылы елімізде өт­ке­лі отырған халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесінде тек экономикамызды ғана емес, мәдениетімізді де, білімімізді де, өне­рімізді де паш ететін мүмкіндік туа­ды», – деп атап өтті. Соған осы бастан әзір­леніп, осындай қолөнер туындыла­рын көптеп дайындауымыз керек. Шынымен-ақ «Зергер» көрмесі қазіргі заманғы отандық зергерлік өнерді жаңа белеске шығарған айшықты да тартым­ды қолөнер туындыларын топтастыр­ған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста