Астанада тұрғынды гипноздап, ақшасын алып кеткен алаяқ әйел ұсталды

Астанада тұрғынды гипноздап, ақшасын алып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 
Полицияға әйел арызбен жүгініп, гипнозбен оның ақшасын алып қойғанын хабарлаған. Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқ әйел анықталды. Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматшасы болып шықты және оның жүктіліктің жетінші айында екені белгілі болды.

Алданған әйел күндіз Тұран даңғылының бойымен бейтаныс әйел келіп, онымен сөйлесе бастағанын айтты. Көз тиген деген сылтаумен ол тазартуды ұсынған. Содан кейін тазару жорасын жүргізген болып, алаяқтық жолмен 105 мың теңге көлемінде ақша сомасын иемденген. Біраз уақыттан кейін «мейірімді» әйелдің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.

Алаяқтық фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қаскүнемге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның қазіргі уақытта елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста