Астанада сәбиге Бәйдібэкспо есімі берілді
Астанада жаңа туған сәбидің есімі «ЭКСПО» көрмесінің құрметіне қойылды, деп жазады елорда әкімдігінің сайты.
"ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу кезінде «Есіл» ауданы АХАТ-та Бәйдібэкспо есімді ұл баланың аты тіркелді», — делінген хабарламада.
Осы жылдың қаңтар-қазан аралығында елордада 25 735 нәресте дүниеге келген. Ең танымал қыз бала есімдері – София, Амира, Кәусар, Елдана, ал ұлдарға көбінесе Әлихан, Айсұлтан, Алан және Арлан есімдері берілген.
Қазақстандықтар сәбилердің есімін елдегі маңызды оқиғалар құрметіне де қойып жатады. Мәселен, елімізде Саммитхан есімді ұлдар мен Саммита және Азиада есімді қыздар тұрады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу