Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт салынып жатыр

Мансұр ХАМИТ (фото)

Асқақ астанамыздың көркіне ғана емес, рухани келбетіне де ерекше сән берген жаңа ғимараттардың бірі, әлбетте, «Қазақ елі» монументінің дәл жанынан салынған «Әзірет Сұлтан» мешіті екені даусыз. Елорданың төрінен орын алып, құрылысы іс жүзінде бітуге таяған осынау қасиетті мешіттің сәулетті ғимаратын кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барып көріп, «бұл Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болады» деген бағасын берді. «Бұл мемлекет тарапынан емес, адамдардың қосқан қаражатының арқасында салынып жатыр. Мешіттің құрылысы алдағы жылы аяқталады. Себебі сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы жылы уақытта жасалуы керек», – деді Президент құрылыс барысымен танысқасын.
«Әзірет Сұлтан» мешіті үш қабаттан тұрады. Неке қиятын бөлме, имамдар бөлмесі, асхана, техникалық орын-жайлары бар мешіттің жалпы аумағы – 18 мың шаршы метр. Бір мезгілде 5000-ға тарта адам сәждеге жығыла алады. Мешіт жобасының ди­рек­то­ры Шефик Ес­кен­дір­ұлы­ның айтуынша, диаметрі 28 метрден асатын, биіктігі 52 метрлік күмбезін Қазақстандағы ең үл­кен деуге болады. Мешіттің мұнаралары да ай­тар­лықтай биік – 77 метрге жетеді. Тұтастай ал­ған­да, Аллаға құл­шы­лық үйі классикалық ислам стилінде салын­ға­нымен, онда қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнектері мен декоративті эле­мент­те­рін пайдалану көзделіп отыр. «Қазіргі кезде біз барша жұмыстардың 90 пайызын аяқтадық. Осы­дан кейін ою-өрнек, бояу жағу, декоративті жұ­мыстар қалды. Қазіргі кезде суретшілерді іріктеу жұмыстары жүр­гі­зілуде. Олар Қазақ­стан­нан, Түркиядан, Италиядан және басқа да бір­қа­тар елдерден шақырылады», – дейді Ш.Ес­кен­дір­ұлы.
«Әзірет Сұлтан» мешітінен кейін Елбасы Ас­та­на­дағы №1 қалалық аурухананың жаңадан салынған 500 орындық көпбейінді стационарын да аралап көрді. Бұл стационар Еуропаның за­ман­ауи кли­ни­ка­ларының талаптарына сәйкес жарақталып, онда елі­мізде теңдесі жоқ инсульт орта­лығы да ашы­лып­ты. Сонымен қатар стацио­нар­да жоспарлы және ауыр халдегі шұғыл нау­қас­тарды қабылдайтын екі бөлім бар. Ол бір мез­гілде екі жедел жәрдем маши­насын қабыл­дай алады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метрді құрайды.

«Аурухана құрылысының аяқталуымен біз Астананы 100 пайыз медициналық қызметпен қамтамасыз еттік. Сіздердің алдарыңыздағы ендігі мақсат – адамдарды емдеп, дертке шал­дық­қан­дар­ды аяққа тұрғызу. Сонымен қатар елор­да тұр­ғындарына қызмет етулеріңіз тиіс», – деді ста­цио­нар­дың жабдықталу деңгейін көрген Елбасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста