Астанада бағанаға соғылған автобус жүргізушісі сұхбат берді

Астанада бағанаға соғылған автобус жүргізушісі сұхбат берді

Сол жағалаудағы соқтығыс. Күні кеше елордада №10 автобус бағанаға соғылып, 23 адам жарақат алды. Жүргізуші есінен танып, рөлге ие бола алмай қалған. 20 жылдық тәжірибесі бар азаматты апатқа итермелеген не? Бұл күні кеше Астанадағы Қонаев көшесінде болған қақтығыс көріністері. Қаланың қақ ортасында №10 автобус бағанға соғылды. 23 адам жарақат алып, оның 8-і ауруханаға жатқызылған. София Қылышбекова Астана қаласы ІІД баспасөз жетекшісі - Алдын ала болжам бойынша жүргізуші денсаулығының күрт шаралауына байланысты жолаушыларды ескертіп те үлгерген. Басты болжам – жүргізушінің жүрегі күннің ыстығынан қысылып, есінен танған. Ал бұл бағыттағы қоғамдық көліктердің барлығы ауа салқындатқышпен жарақтандырылған. Сонда аптап ыстықтың болған жайға қандай қатысы бар деген сауал туындайды. Жағдайдың жай-жапсарын анықтау үшін №10 автобустың жүргізушілерімен тілдестік.

Шайбек Тұрлыбек автобус жүргізушісі:

- Себебі, әртүрлі, денсаулығы сыр беріп жатқан шығар. Мысалы адамның денсаулығына да байланысты ғой. Өйткені стажы бар жүргізуші. Жолаушылар да тас төбеден тесетіндей ыстықтың қоғамдық көлікте жоғын растайды. Яғни соқтығысқа күн райы себепкер болды деу қисынға келмейді. Автобустағы адам аз кезіндегі орташа ауа райы 18 градус, ал жолаушылар толғанда температура 25 градусқа дейін көтеріледі. 20 жылдық жұмыс өтілі бар жүргізушінің апатқа түскенін естіген №1 автобус паркі басшылығының төбесіне жай түскендей болды. Игорь Кровлев ең үздік мамандарының бірі. Бертінде Франциядан біліктілігін де арттырып келген. Ал парк қарамағындағы барлық қоғамдық көліктер GPS-тің жіті бақылауында. Мына электронды картада кешегі жайт алақандағыдай анық көрінеді.

Биахмет Біләлов, №1 автобус паркі басшысының орынбасары:

- Апат болғанда автобус сағатына 30 км жылдамдықпен жүрген. Мына жерде өзіңіз көріп тұрғандай, ары қарай жол жоқ. Барлық жүргізушілер жұмыс алдында медициналық тексеруден міндетті түрде өтеді. 068 нөмірлі автобусты тізгіндеген Игоры Кобзевтің денсаулығынан ол күні кінәрат таппаған. Роза Ысқақова фельдшер - Біз тексергенде қан қысымы, бәрі қалпында болатын. Ауырып тұрған адамға ешқашан жолдама бермейміз. Қатты соққыдан миы шайқалған Игорь Кобзев қазір ауруханада ем алуда. Кешегі күн көз алдында құдды көрген түстей. Елуді еңсерген азамат бүгінге дейін жүрегі ауырмағанын айтады.

Игорь Кобзев, автобус жүргізушісі:

- Кеше жұмысқа шығардың алдында 3 күн демалғанмын. Ал апат болардан 1,5 сағат бұрын түскі ас кезінде де тынықтым. Сол сәтте көзім қарауытып кетті, не болғанын өзім де білмеймін. Жүргізуші Игорь Кобзев те, дәрігерлер де апатқа қандай аурудың түрткі болғанын білмей дал. Ал жарақат алған жолаушылардың денсаулығын қалпына келтіруге кететін шығын көлемін автобус паркі басшылығы өз мойындарына алмақ

Авторлары: Асқарбек Қазанғап, Жандос Битабаров, Ержан Рахманбердиев

24.kz
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста