Жуырда Алматыдағы 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта «Нас миллионы панфиловцев» халықаралық еске алу вахтасының штандарты салтанатты түрде табыс етілді. Штандарт жаппай батырлық символы ретінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қабылдағаннан кейін Ресейге жіберіліп, әрі қарай ТМД елдері мен қалаларына жөнелтіледі.
Салтанатты рәсімге құрмет қарауыл ротасы мен Құрлық әскерлерінің Әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының оркестрі, Қазақстан Аэроұтқыр әскрелерінің, сондай-ақ Ұлттық ұланның 150-ге жуық әскери қызметшісі, Иван Панфиловтың немересі, қалалық әскери-патриоттық клубтардың оқушылары мен тәрбиеленушілері қатысты.
Бұдан бұрын 11 ақпанда штандартты Павлодарда қарсы алды. «Панфиловшылар мен өзге де даңқты қорғаушылардың ерліктері жайлы Қазақстан тарихының бір парақшасында жазылған. Бүгінде біздің миссиямыз Отанымызды қорғауға сарп еткен және қазақстандық патриотизм рухында жастарға тәрбие беру, Отанға деген адалдыққа, әскери міндетті орындауға әзірлікке жетелеген даңқты, панфиловшы батырларды құрмет тұтудан тұрады», - деп Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Буксман атап өтті.
«Нас миллионы панфиловцев» халықаралық еске алу вахтасы Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өткен жылдың 16 қазанында басталғанын айта кеткен жөн. Ол 1941 жылы Мәскеудегі панфиловшылардың аты шулы ерлігінің 75 жылдығына арналған.
"Алаш айнасы"