Архившілердің кәсіби мерекесі қарсаңында Павлодар қаласында облыс архившілері арасында «Үздік архивші» байқауы өтіп, аталмыш байқауда архив қызметінің 14 майталманы бақ сынасты.
Екі кезеңнен тұратын конкурстың «Архив күші – қағаз ісі» аталатын алғашқы бөліміне архившілер өздері әзірлеген анықтамалар мен буклеттерді, ұжымдық келісімшарттарды, фотосуреттерді, басқа да құжаттарды ұсынды.
Байқаудың екінші кезеңі өзін-өзі таныстыру, «Өз жұмысымды неліктен жақсы көремін?» атты үй тапсырмасынан, теориялық тестілеуден және тәжірибелік жұмыстан тұрды. Архив қызметкерлері бұл кезеңде ән айтып, би билеп, архившілер әнұранын да шарықтатты. Орынды әзіл-қалжыңға да кезек беріліп, «Архившінің бір күні» атты күлдіргі қойылым тамашаланды.
Байқау нәтижесінде 1-орынды – лебәжілік Қымбат Серікбаева, 2-орынды – екібастұздық Рауза Молдағалиева, 3-орынды баянауылдық Дария Бисембаева жеңіп алды.