Артықбаевты қырғыздар ұстады

Артықбаевты қырғыздар ұстады

Іздеу жарияланған Алматы облысы кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманбек Артықбаев Бішкектен ұсталды. Бұл туралы ақпарат­ты кеше ҚазТАГ агенттігі Қырғызстан қаржы поли­ция­сының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып таратты.
Агенттіктің мәліметінше, Қ.Артықбаевты Қырғыз­стан қаржы полицейлері бейсенбі күні ұстады. «Қазіргі уа­қытта ол қаржы полициясының абақтысында жатыр. Сен­бі күні қазақстандық әріптестеріміз Бішкекке ке­леді», – деген агенттікке берген пікірлерінде аталған ве­домст­во өкілдері. Сондай-ақ қырғыз полицейлері Қ.Арт­ықбаев Қазақстанға экстрадициялау мәселесі ше­шілмейінше, Бішкекте қамауда бір ай болатынын айт­ты. Бұған дейін хабарланғандай, 6 мамырда Пре­мь­ер-министр Кәрім Мәсімов Кедендік бақылау коми­те­тінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозовты қызметінен бо­са­тып, оның орнына ІІМ экс-басшысы Серік Байма­ғам­бетовті тағайындады.Басшылықтың ауысуына Эко­номикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлық­пен күрес жөніндегі агенттіктің Алматы облысының ке­ден бекеттерінде әрекет еткен ұйымдасқан қыл­мыс­тық топты (ҰҚТ) анықтауы себеп болды. Қаржы поли­ция­сы арнайы шараны «Қорғас», «Қалжат» бекетте­рін­де, «Алатау» кедендік рәсімдеу орталығында жүр­гіз­ді. Қызметтік кеңселерде тінту жүргізу барысында құ­жат­тар мен мұрағат тәркіленді. Кейін қаржы поли­ция­сы қылмыстық топтың қызметін тоқтатқанын ха­бар­лады.Қаржы полициясының ақпараты бойынша, ҰҚТ қызметіне қылмыстық құрылымдардың өкілде­рі­мен бірге, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының да қатысы болған, олар заңсыз сыйақы үшін топқа қамқорлық көрсеткен. Сот ҰҚТ 16 мүшесін қамауға алуға санкция берді. Қамауға алын­ған­дардың ішінде «Қорғас» кеден бекетінің бастығы Ба­қытжан Айдаров, Ақмола облысы бойынша ҰҚК де­пар­таменті бастығының орынбасары Бақытбек Құр­ман­әлиев бар. Сондай-ақ Алматы облысы бойынша КБД бастығы Құрманбек Артықбаевты да қамауға алу­ға санкция берілді, оған іздеу жарияланған болатын.

Қанат КОЧОБАЕВ, Қырғызстан қаржы полициясының баспасөз хатшысы:
– Артықбаевты 11 мамырда Қырғызстан қаржы по­ли­циясы ұстады. Ол қазір Бішкектің ҚІІБ абақтысына жат­қызылды. Бішкектің Первомай соты оның қа­мау­ға алынуына санкция берді. Тергеу абақтысында ол Қазақстанға экстрадиция мәселесі шешілгенше бір ай жатады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста