"АRТиШОК" Арменияда өтетін театр фестиваліне қатысады

 "АRТиШОК" театры Ереванда 1-8 қазан аралығында өтетін HighFest XII халықаралық театр фестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шығармашылық ұжым фестивальде "Пушкин stand up" спектаклін ұсынады.

Фестиваль бағдарламасы туралы әңгімелеген HighFest президенті Артур Гукасян "АRТиШОК" театры қойылымының айтулы оқиғалардың төрттігіне енетінін атап өтті. Биыл шараға әлемнің 18 елінен 200-ден астам әртіс шақырылған. Фестиваль қатысушыларының арасында Ұлыбритания, Франция, Австрия, Италия, Финляндия, Ресей, Қазақстан, Иран және Грузиядан келетін труппалар бар. Фестиваль аптасында Ереванның 10 сахнасында 50-ге жуық қойылым көрсетіледі.

Айта кетейік, режиссер Галина Пьянованың "Пушкин stand up" спектаклі 2013 жылдың 21 маусымында тұңғыш рет көрсетілген еді. Қойылым - Александр Пушкиннің "Евгений Онегин" романының сахналық нұсқасы, оны актриса Вероника Насальская оқиды. "Біз Александр Сергеевичтің қазіргі заманның адамы екенін, ал Евгений Онегиннің біздің заманның қаһарманы екенін түсіндіреміз. Бәрі "Мен Пушкинді оқыдым, бірақ сіздерде бәрі басқаша!" деп жатады. Бұл - мықты материал, одан нафталиннің иісі шықпайды", - дейді Насальская.

Ереванға аттанар алдында 29 қыркүйек күні ұжым спектакльді өз театрында көрсетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста