Арқалықта полицияның 102 шұғыл байланыс желісіне жас қыздың суға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатрульдің екі экипажы жедел түрде аттанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция қызметкерлері Әміржан Тобылбаев пен Дүйсенбай Сәбитбеков құтқару құралдарын пайдаланып, бірден суға секірді. Жағаға шығарғаннан кейін Руслан Капсаматов қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
«Полицейлер жәбірленушіні жедел медициналық жәрдемнің мамандарына тапсырды. Ол гипотермия диагнозымен ауруханаға жатқызылды», делінген Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кейінірек 16 жастағы мектеп оқушысы абайсызда суға құлап кеткені анықталды.