Арқалық тумасы өзін балалар үйіне тастап кеткен анасын іздейді (ВИДЕО)

Jibek Joly телеарнасының «Ел» бағдарламасында 31 жастағы Ермек Садықов өзін балалар үйіне тастап кеткен анасына іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1992 жылы Арқалықтағы Қарлыға мен Нұрлан Садықовтар бірден 10 баланы асырап алған. Өсе келе, 10 баланың тоғызы туған аналарын тапса, ең кенжесі Ермек 15 жылдан бері іздеу салып келеді. Іздеу еш нәтиже бермеген соң Jibek Joly телеарнасына көмекке жүгінді.

«Ермек 1990 жылы Арқалық қаласының перзентханасында дүниеге келген. Менің әпкем мен жездем екі ұлдан кейін қызды армандап, балалар үйінен екі қыз алуды ұйғарады. Сонда балалар үйінде 6 қыз, 4 ұл жатыр екен. Олардың кейбірі жасқа толған, 5-6 айлық балалар да бар. Меңгеруші барлық баланы алып кетуді ұсынды. Осылайша, әпке-жездем 12 баланы өсіріп, білім беріп, өмірден өз орындарын табуға көмектесті», - деді бағдарламаға келген Қанат Естек.

Балалар бір балабақша мен бір мектепте өскен және 18 жасқа келгенде өз аналарын тауып, кездесуге ниет білдірген.

«Анаммен кездессем, көп нәрсе білгім келеді, 90 жылдары қиын заман болғанын да түсінемін, жағдайы болмаған шығар. Анама тек рахмет айтқым келеді, аман-есен дүниеге әкелгені үшін, өмір сыйлағаны үшін алғыс айтқым келеді. Еш ренішім жоқ, керісінше көмек көрсеткім келеді. Қандай жағдайда екенін білгім келеді», - деді Ермек Садықов.

Журналистік іздестіру барысында архив құжаттарынан Бекболатова Айгүл және Бекболатов Мұрат есімдері табылды. Бұл бағдарламада табылған аттас адамдардың ДНК сынамасынан биологиялық туыстық табылмады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста